Созақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

1221

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Мақсат Шамансұрұлы Исаев Созақ ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Аудан активіне ауданның жаңа басшысын облыс әкімі А.Мырзахметов таныстырды.

005

М. Исаев 1970 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1995 жылы Шолаққорған ауылы «Алмас» шағын жеке кәсіпорнында есепші болып бастаған.

006

1996-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімшілігінің экономика бөлімінде шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту жөніндегі бас маман, Созақ ауданы әкімі аппараты аумақты дамыту және кадрлық жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі, Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы, Созақ ауданы әкімдерінің орынбасары, «Қыземшек-Демеу» ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

008

2012 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Созақ аудандық мәслихатының хатшысы болып еңбек етіп келген.

Ал Созақ ауданына соңғы үш жыл жетекшілік жасаған Аманғали Аймұрзаевқа аудан халқы құрмет көрсетіп, зейнеттік демалысқа шығарып салды.

007

Аудан активімен өткен жиында жаңа аудан басшысының қызметіне сәттілік тілеген облыс әкімі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін тыңғылықты жұмыс жасауды міндеттеді.