Бадамда карьер қазу тоқтар емес

678
Табиғатты қорғаушылар күдіктілерді жауапқа тарту қиындығын айтады

Бадам өзеніндегі көпірлер құлауға шақ тұр. Бұл туралы халық қалаулысы Нұрғазы Бұқарбаев мәлімдеді. Өзен арнасындағы табиғи ресурстарға заңсыз қол салушылардың саны артып кеткен. Ал бұл әрекет жер деңгейінің түсуіне және көпірдің шайылуына алып келеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=GoasoFZ2vuE[/youtube]

Бадам өзеніндегі жағдай тым ауыр. Шаһардағы құрылысқа қажетті тас пен құмның бір бөлігі осы жерден тасымалданса керек, көпір құлауға шақ тұр. Өзекті мәселеге бей-жай қарай алмаған халық қалаулысы жауапты мамандарды ертіп, рейд жұмыстарын ұйымдастырды.

"Бадам" су арнасы кеңейуде

«Бадам» өзенінің бойында тас артатын тракторын жөндеп, 2 адам отыр. Олар арнайы бір компанияға қызмет етеді. Басшыларының айтуынша, өзен бойында жұмыс жасауға арнайы рұқсаттары бар.

Ал табиғатты қорғау департаментінің мамандары оны жоққа шығарып отыр. Өйткені өзен жағасындағы құм мен тасты тасуға тыйым салынған. Әрі ол еліміздің қоршаған ортаны қорғау туралы заңында таңға таңба басқандай көрсетілген.

Асылхан Төреханов, Шымкент ҚІІБ табиғатты қорғау инспекторы: «Су арнасында карьер жасауға заңда тыйым салынған. Табиғи ресурстарды қолдануда арнаның екі шетінен 25 метр ары пайдаланады. Онда да тек жердің беткі қыртысын.»

Табиғатты қорғаушылар күдіктілерді жауапқа тарту қиындығын айтады

Табиғи ресурстарды орынсыз пайдалану қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Бадамдағы бұл жағдай көпірдің құлауына әкеп соғады дейді халық қалаулысы. Сондықтан Бадам сағасына қол сұққандар жазалануы тиіс деп отыр.

Нұрғазы Бұхарбаев, қалалық мәслихаттың депутаты: «Бізге Бадам өзенінің бойындағы тұрғындар бірнеше рет шағымданды. Олар мұнда күндіз де, түнде де тас артылатынын айтады. Бұл жағдай жалғаса берсе, көпірдің асты, өздеріңіз көріп тұрғандай, әбден шайылған. Құлауы мүмкін».

көпір
көпір

Ал мамандар фактілердің жеткіліксіздігінен тас қазатындардың біреуін де жауапқа тарта алмай отырғандарын жеткізді. Десе де өзен жағасынан заңсыз тас ұрлаған төрт оқиғанын тіркелгенін айтып отыр.