Жасыл желек солып жатыр

613

Аптап ыстықтан Шымкент көшелеріндегі түрлі түсті гүлдер мен көз қуантар қылқан жапырақты жас көшеттердің 30 пайызы қурап тұр. Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы мамандары барды күтіп ұстамаған екі мекемеге айыппұл да салған. Алайда жасыл желекке жауаптылардың өз уәжі бар.

005+

«ЛТД тұрмыс» мекемесінің жұмысшылары күтіп-ұстауға міндетті қаламызда 2 млн түпке жуық гүл және ағаш көшеттері бар. Күн сайын таңертең су таситын арнайы 18 көлікпен жұмысшылар сол жасыл желекті қолмен суаруға мәжбүр. Соған қарамастан Оңтүстіктің аптап ыстығына бір жылдық нәзік гүлдер түгілі көп жылдық раушан гүлдердің өзі шыдас бере алмай жатыр. Оның үстіне қала көшелеріндегі суару жүйелері толығымен істен шықан дейді сала мамандары.

005

Десе дегендей, биылғы ерте көктемдегі соңғы аяз да шаһардағы жасыл желектің жайқалып өсуіне кедергісін тигізді. Соған қарамастан гүл көшеттерін күтіп*ұстауға жауапты «ЛТД тұрмыс» ЖШС-не 4,5 млн, «Бәйтерек ЛБ» ЖШС-не 700 мың теңге айыппұл салынған. Бұдан бөлек екі мекеме бұзылған суару жүйелерін қалпына келтірулері тиіс.

006

Биыл қала көшелерін көгалдандыру жұмыстарына бюджеттен 500 млн теңге қаралған. 13 мың шаршы метр жерге гүл егіліпті. Бірақ сол гүлді суаратын жүйе болмаса қанша көшет еккенімен, еңбек те, қаржы да зая кететінін біле тұра басшылардың сол қадамға барғаны қызық. Ал қала әкімдігінің мамандары бұл мәселені алдағы үш-төрт күнде шешуге уәделерін беріп отыр.

Нұрлан Жаңабай