Көксәйекте үй өртенді

206

Чапаевкада тағы бір төтенше жағдай тіркелді. Көксәйек көшесінде өрт шыққан. Бұл жайлы суыт хабар өрт сөндірушілерге сағат 11-ден 55 минут өткенде түседі. Ұшқын осындағы сарайдан шығыпты.

005

Жел көтерген қызыл жалын іле-шала көрші үйге де өтіп кеткен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарылысқа байланысты өрт сөндірушілер мұнда қаланың өзге бөлігінен жеткен.

Тілсіз жаумен күреске 6 арнайы техника және 40-қа жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды. Олар 1 сағатта қызыл алауды ауыздықтады. Абырой болғанда адамдар зардап шеккен жоқ. Тек 2 үйді өрт шалып, 5 қора толығымен дерлік өртеніп кетті. Қазір төтенше жағдай қызметкерлері өрттің неден шыққан тексеріп жатыр.