Отырарда қуаңшылықтан балық қырылуда

1056

Отырар ауданында қуаңшылықтан қауіп көп. Ондағы шағын көлдерде балықтар қырылып жатыр. Сырдарияның суы сарқылып, өзендегі тіршілік көзінің дейгейі айтарлықтай азайып қалған. Соның салдарынан төңіректегі балық шаруашылығымен айналысатын серіктестік тоқырауға ұшырады.

003

Кезінде бұл маңай балыққа бай көл еді. Ал қазір суы тартылып, шөл далаға айналған. Бұл жерді жергілікті кәсіпкер жалға алып, 10 млн теңгенің жобасын қолға алған болатын. Алайда, кәсіпорын көпке ұзамай тоқырауға ұшырап, уақытша тірлігін тоқтатқан.

001

Владимир Гуминик, жеке кәсіпкер: «Көктемде де су болмады. Бізге су келу үшін бір айдай уақыт керек. Ал дарияға Көксарайдан не үшін су жібермей жатқанын біз түсінбей жүрміз. Биыл судың тарылуынан 12-15 тонна балығымыз шіріп кетті.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=06E6xh8ukKk[/youtube]

Сырдың суы сарқылуынан тек бұл айдын ғана емес, Отырар ауданындағы тағы үш бірдей көл тартылып қалған. Соның кесірінен су жәндіктері шетінен қырылып, қазір қалдығы қоқысқа айналыпты. Мұндай құбылыс екі жыл қатарынан қайталанып отыр екен.

002

Владимир Гуминик: «Мұнда, 90 гектар аумақта су болуы керек еді. Биыл 4-5 гектарында ғана су бар. Қазір уақытша ісімізді тоқтатып қойдық. Біздің проблемамызға құлақ асар ешкім болмай тұр.»

004

Көлдегі судың тартылуы осылайша жергілікті кәсіпкердің тірлігіне тосқауыл болып тұр. Кәсіпкер бұған мұраптың тіршілік көзін мерзімінде бұрып бермегеніне байланысты деп болжайды. Ал, ең өкініштісі – атырарлық атқамінерлер бұған бас қатырғысы келмейді дейді шаруа.