Шымкентте «Оңтүстік» футбол академиясы ашылды

419
Нәтижесінде Тұңғыш Президент күнінде оңтүстік футболына жаңа серпіліс берілді

Тұңғыш Президент күнінде шымкенттіктерге еліміздің футбол федерациясы керемет сый жасады. Алғаш рет Қазақстанда «Оңтүстік» футбол академиясы біздің қаламызда ашылды.

«Биік» спорт кешенінде жұмысын бастаған академияда 65 бала шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алып отыр. Испанияның әйгілі Барселонасынан бес маман жаз бойында Шымкентте арнайы іріктеу жасап, 650 жеткіншектің арасынан 65-ін ғана үш топқа қабылдаған болатын. Келесі жылы топтың қатары арта түспек. Сондай-ақ, мұндай академия еліміздің бірқатар облыстарында да ашылады деп жоспарланып отыр.

Нәтижесінде Тұңғыш Президент күнінде оңтүстік футболына жаңа серпіліс берілді

 

Футбол академиясының ашылуына еліміздің үздік футболшысы Самат Смаков та арнайы келді
Футбол академиясының ашылуына футболшы Самат Смаков та арнайы келді

 

Болашақта бұл жеткіншектердің қатары екі жүзге дейін жетпек
Болашақта бұл жеткіншектердің қатары екі жүзге дейін жетпек