Футбол жас талғамайтын спорт түрі

21

Қаламызда Қазақстан Балалар футбол лигасының жазғы ойындар жеңімпаздары марапатталды. Спорттық жарысқа қатысқан 330-ға жуық спортшыға арнайы номинация беріліп, бағалы сыйлық табысталды.

Дастан Жақсыбай 6-сынып оқушысы. Оның спортпен шұғылданып жүргеніне 5 жыл болған. Болашағын футболмен байланыстырған ол кәсіби маман болып ел намысын қорғауды армандайды.

Дастан Жақсыбай,  жас футболист: «Футбол ойыны мен үшін өте қызық. Мұнда  әрі дамисың, одан күшейесің. Бұл сайыстан үшінші орын алдым. Алдағы уақытта тағы үздіктер қатарынан көрінемін деп ойлаймын»

Бұқаралық спорттың дамуы жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырады дейді ұйымдастырушылар. Сондықтан да жас буынды осы бағытқа қызықтыру үшін түрлі іс-шара жиі өткізу қажет дейді.

Жасұлан Серікұлы, Қазақстан балалар футбол лигасының құрылтайшысы: «Балалар футбол лигасы балалар жылы ашылған. Бізге балалар жылы қатысқан кезде 12 командан бастап қатысқан. Қазіргі таңда 4 рет өтіп жатыр. Әр жастардан бөлек бөлек. Қазіргі таңда бізге 4500 бала қатысып жатыр. Команда саны 73, жалпы 100-ге кетеді».

Берік Кәрім, Ардагерлер лигасының өкілі: «Мектеп жасынан футбол ойнаймыз. Сол үрдіс бүгінге дейін жалғасқан. Қазір отбасылы, ересек балаларымыз болғанына қарамастан футбол ойнағанды тоқтатпадық. Біздің команда бұл жылы 2 ші орынды иеленді. Келер жылы нәтиже бұдан да жақсы болады деп сенеміз. Барлық жастағы азаматтарды спортпен айналысуға шақырамын.

Спорттық шараны қаладағы түрлі спорт орталықтары қаржыландырған. Айта кетейік, футбол сайысының мақсаты – әлемдегі үздік құрамалар тәжірибесін негізге алып, балалар футболын дамыту болмақ.