Оңтүстікте кеденнен 34 миллиард теңге кіріс жиналды

235
Кеден

Оңтүстік Қазақтанда бүгінгі таңда 10 кеден бекеті қызмет атқаруда. Олар – «Шымкент» кедендік рәсімдеу орталығы, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы, «Түркістан», «Қазығұрт», «Жібек Жолы», «Қапланбек», «Сарыағаш стансасы», «Б.Қонысбаев», «Атамекен», «Әуежай-Шымкент» бекеттері.

КеденОблыс бойынша кеден блогының қызметкерлерінің жалпы саны 577 адамды құрайды. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сәйкес, 2015 жылдың қорытындысы бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың түсімі 33 млрд 889 млн тенгені құрады. Бұл сома былтырдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,57% артық, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

2015 жылы кедендік шекара арқылы бақылаудан 8 млн 275 мың жеке тұлға, 45 мың жеңіл және 49 мың жүк автокөлігі, 606 мың жүк вагоны, 1000 жолаушылар пойызы және 615 әуе рейсі өткен. 23 354 тауарға арналған декларация ресімделген.