Оңтүстікте ел дәрігерлерінің біліктігін арттыру орталығы құрылады

256

Өңірге арнайы келген халықаралық ЮНИСЕФ балалар құқығын қорғау ұйымының өкілдері облыстық балалар ауруханасының тыныс-тіршілігімен  танысты. Өңірдегі дәрігерлердің біліктілігін арттыратын орталықтың жұмысын қадағалады. Атқарылған тірлік көңілдерінен шықса керек, болашақта бұл оқыту орталығының жұмысын республикалық көлемде ұлғайтуды ұсынды. Яғни, елдің барлық ақхалаттылар осында келіп, арнайы оқу курстарынан өтетін күн жақын.

vlcsnap-2016-05-20-18h41m36s224

Ұйым өкілдері алдымен қаладағы №4 периниталдық орталықтың жұмысымен танысты. Бұл перзентханада жылына 2000 мыңнан аса сәби дүниеге келеді. Мұнда көбіне ауыр халде босанатын әйелдерге көмек көрсетіледі. Өйткені медициналық мекеменің жоғары сапада қызмет көрсетуге мүмкіндігі зор. Мұны халықаралық ұйым өкілдері де растады.