Шымкентте үш жасар баланың анасы табылды

303
Шымкентте үш жасар баланың анасы табылды

Шымкентте үш жасар баланың ата-анасы табылды. Бүлдіршіннің анасы Әл Фараби полиция бөліміне келіп, ұлын алып кеткен.

Шымкентте үш жасар баланың анасы табылдыЕске салайық, 3 жасар баланы 25 шілде күні ер кісі тауып алған. Кешкі сағат 19:00 шамасында Тәуке хан даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысындағы полицияның тірек бекетіне ер кісі келіп, өзімен бірге ертіп келген баланы тәртіп сақшылары тапсырады. Айтуынша, қорқып тұрған баланы жақын маңнан көріпті.

Анасының айтуынша, осы ұлы мен ағасын аулада бірер минутқа қалдырып, өзі дүкенге кіріп кетіпті. Санаулы уақыттың өзі жеткілікті болса керек, бүлдіршін ағасынан қашып кетіпті. Содан кейін қайтар жолынан адасып қалған болуы әбден мүмкін.