Мектеп тауарлары қымбаттады…

402
Мектеп тауарлары қымбаттады...

Жаңа оқу жылы таяғалы мектеп тауарларына деген сұраныс артуда. Ата-аналар балаларына қажет заттарды іздеп, сауда орындары мен базарларда жүр. Биыл базарларда мектеп формасы мен кеңсе тауарларының бағасы біршама өскен. Мұны сатушылардың өзі де мойындайды. Өйткені доллар бағамының құбылуы оқушы құралына әсер етпей қоймапты.

Мектеп тауарлары қымбаттады...

Ал енді бір баланы мектепке қажеттілікпен қамту үшін кететін қаражатқа тоқталсақ. Қазір сауда орындарында мектеп формасын орташа есеппен 9000 теңгеге сатып аласыз. Мұның ішіне ақ көйлек, қара шалбар, жейде кіреді. Бұған қоса оқушыға сөмке, аяқ киім және оқу құралдары қажет. Барлығының есебін шығарғанда 30 000 теңгеден асады. Бұл б- ірінші сыныпқа баратын оқушыға кететін қаржы.

Айта кетейік, биыл бірыңғай мектеп формасы енгізілгенімен ешкімге міндеттелмеді. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы мәлімдеген болатын. Егер мектеп ұжымы таңдаған форма көңілден шықпаса, кез келген сауда орнынан балаға жарасымды киім сатып алуға болады.

Қаржылық дағдарыс жағадан қысқанда балаларды мектепке даярлау оңайға түспей тұр. Әсіресе, көп балалы отбасы үшін қиын. Бір балаға мектеп формасын алып, қажетті құралын түгендеп беру орта есеппен 30-40 000 теңгеге жуықтап тұр.