Оңтүстіктің оқушылары оқулықпен толық қамтылды

427
Оңтүстіктің оқушылары оқулықпен толық қамтылды

Оңтүстіктегі мектептер оқулықпен толық қамтылды. Облыстық білім басқармасының мамандары осылай деп хабарлайды.

Оңтүстіктің оқушылары оқулықпен толық қамтылды

Мамандардың айтуынша, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2016 жылы жалпы облыс бойынша қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға және жеткізуге жергілікті бюджеттен барлығы 2,7 млрд теңге бөлінген. Бұл қаржыға мемлекеттік сатып алу тәртібімен биылғы жаңа оқу жылында 1-сыныптардың жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері (бірінші сыныптың оқулығы – 10 дана), 4 сыныптың ағылшын тілі оқулығы, 8 сыныптарға арналған (8 сыныптың оқулығы – 18 дана) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері мен 9 сыныптың дінтану оқулықтары алынды.

Қазіргі таңда оқулықтар толық жеткізіліп, білім беру мекемелерінде таратылуда. Сонымен қатар 1 қыркүйек күні бірінші сыныптың әр оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы салтанатты түрде сыйға тапсырылатын болады.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында облыс бойынша 73699 бала мектеп табалдырығын алғаш аттайды.