Мемлекеттік қызметкерлердің сынағы басталды

475
Мемлекеттік қызметкерлер тест сынағын тапсырды

Қазақстанда 1 ақпаннан мемлекеттік қызметкерлерді кешенді тестілеу басталды. Осылайша Елбасы жариялаған ұлт жоспарының 15-қадамында көзделген мақсат-міндеттер іске асырылды. Сындарлы сынақтың бірінші күнінде күнгейдегі 200 мемлекеттік қызметкер білімі мен біліктілігін дәлелдеді. Айта кетейік, бұл жолғы аттестация барысында мемлекеттік қызметкерлердің тек жүктелген жұмыстарды орындау қабілеті тексеріледі.

Мемлекеттік қызметкерлер тест сынағын тапсырды

Мемлекеттік қызметкерлердің сынағынан алдымен департамент басшылары мен олардың орынбасарлары өтті. Емтихан екі кезеңнен тұрады. 2 сағаттың ішінде сынақ тапсырушылар 220 сұраққа жауап беруі тиіс. Соған қарай қызметшінің бойындағы 11 құзыретін анықтауға болады.

Осылайша бүгін өңірлдегі 200 адам білімі мен біліктілігін дәлелдеді. Жалпы облыс бойынша 8700-ге жуық мемлекет қызметкер болса, оның 6000-нан астамы кешенді аттестациядан өтеді. Сынақ арнайы автоматтандырылған бағдарлама арқылы тапсырылады. Қорытындысы бойынша комиссия мүшелері қызметкердің лауазымын жоғарылату туралы да шешім қабылдауға құқылы.

Айта кетейік, тест ақпан айынан наурыздың соңына дейін жалғасады. Бірінші кезекте орталық аппарат қызметкерлері сынақтан өтсе, одан кейін облыстық және аудандық деңгейдегі «Б» корпусының өкілдері аттестация тапсырады.

Гүлжан Байназарова