Тағдырлас қыз бен жігіт туралы премьера немесе іздеп тапты қос ғашық

Оның билегісі келеді. Бірақ Ауғанстан соғысында жауған оқтың астында емес, сүйіктісімен бірге қос аққудай шыр айналып билесем деп армандайды. Осындай қиялға берілген жігіттің асыл арманы қойылымда тек бишілердің биі арқылы келтіріледі.

Алайда соғыстан аяғынан айырылып оралған 27 жасар жігіттің сүйіктісімен тек телефон арқылы ұғынысып, тіл табысуынана басқа амалы жоқ.  Ал оның жағдайынан бейхабар бойжеткен де арбаға таңылған. Біріне бірі жасырынып, телефон тұтқасына серік қылғандардың ортақ тақырыбы мен іштей қиналысы бар.
Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында «Іздеп таптым сені» атты мелодраманың пьесасы өтті. Пьесаның авторы Т. Миннуллин. Қоюшы режиссер Е. Уразимбетов. Режиссер тағдырлас, мұңдас екі жанның арасындағы таза, мөлдір тұнықтай сезім көрсету арқылы адамдарға ой салғысы келген.