Úı ANONS «Жатақхана» комедиясының премьерасы өтті

«Жатақхана» комедиясының премьерасы өтті

фото korolev.kinoafisha.info

Қаламызда студенттік өмірдің қызыққа толы сәттерін бейнелейтін «Жатақхана» комедиясының премьерасы өтті. Кәсіби актерлар құрамы өнер көрсеткен қойылым көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жастар арасындағы достық пен күнделікті тұрмысты жеңіл әзілмен жеткізеді. Жаңа туынды турады әріптесім айтып береді.

Бұл қызыққа толы «Жатақхана» қойылымы. Қаламыздағы студенттік өмірдің қызыққа толы сәттерін арқау еткен комедияның премьерасы өтті. Көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған туынды жастардың күнделікті тұрмысы мен өзара қарым-қатынасын жеңіл әзілмен жеткізген. Басты рөлдердің бірін сомдаған Марат Бекұзақ өз кейіпкерін сенімді жеткізу қиын болмағанын айтады.

МАРАТ БЕКҰЗАҚ, АКТЕР: «Ақын жігітті ойнаймын. Өлең жазуға қызығады. Оның қызығы ұйқасы жоқ ақындар болады ғой. Өзі момындау жігіт. Мен бұл рольге қатты қиналдым деп айта алмаймын. Себебі студенттік шақ бәрінің басынан өтті. Өзіміздің де басымыздан өткен қызық сәттер бар. Тек заманауилау етіп қостық кішкене».

Ал бірнеше ер азаматтың ішінде мықтылығын көрсетіп, ешкімге есе жібермейтін қыздың рөлін Аружан Назар ойнап шықты. Ол өз кейіпкері арулар ештеңеден қорықпау керегін түсіндіреді дейді. Сөзінше қойылымға 1 ай көлемінде дайындалған. Соған қарамастан барын салып, мүлтіксіз орындайтындарын айтады.

АРУЖАН НАЗАР, АКТРИСА: «Негізі дайындыққа көп уақыт кетпеді. Соған қарамастан премьерамызды беріп жатырмыз. Көрерменнің көңілінен шығады деген ойдамз. Көрші қыз спортпен айналасады күші көп, жігіттерді бірден ұрып құлата алатын тентек қыз»

Қойылымда 9 кейіпкер бар. Олардың басым бөлігі студент рөлінде. Сонымен қатар, жатақхана комендантын да естеп шығармаған. Осы арқыры студенттік шақтың қызық сәттерін еске түсіруді жөн көрдік дейді пьеса авторы.

ЕРКЕБҰЛАН ЖОЛДАСОВ, ПЬЕСА АВТОРЫ: «10 жылдай бұрын студенттерге, солардың аудиториясына арнап жазылған. 2-3 рет қойылған. Студенттік мереке кезінде. Одан кейін енді әзіл-сықақ театрында, үлкен сахнада қойылып жатыр. Сондықтан мен үшін де қуаныш. Кәсіби актерлер ойнайды. Сондықтан үлкен үмітіміз бар»

Бір сағаттан астам уақытқа созылған қойылым көрерменді студенттік кезеңге қайта оралтқандай әсер қалдырды. Ал театр ұжымы «Жатақхана» комедиясын алдағы уақытта да тұрақты түрде қоюды жоспарлап отыр.

Әсел Мәлік