Египетке саяхаттаушылар саны күрт азайды

560
Пирамида

Қазақстандық турагенттіктерінің берген мәліметтері бойынша, биыл Кайрға саяхаттайтын отандастарымыздың саны күрт азайып кеткен. Яғни өткен жылмен салыстырғанда 30% қысқарған.

Соған қарамастан жаңажылдық жолдамалардың жартысынан көбі сатылып кетіпті. Ал шымкенттік туроператорлар бұл мәліметпен келіспейді.

Давран Саитов өз отбасына жолдама сатып алу үшін, туристтік агенттікке арнайы келген. Мысыр еліне барамыз деген алғашқы жоспары кейінге шегерілді. Қызыл теңіз саяхатшыларға қауіпсіз болғанша онда демалуға тыйым салынған.

Давран Саитов, турист:
«Мен алғашында Египетке барамыз деп шешкен болатынмын. Амал жоқ, дәл осы қаражатқа өзге де елдерге баруға болады, мысалы Дубайға. Ал Египет әзірге мазасыз екен.»

Десе де, турагенттіктегілер Шарм-эль-шейх демалыс орны тыныш дейді. Ондағы қонақүй иелері демалушылардың назарын қайта аудару үшін бар жағдайда жапас жатқан көрінеді.

Татьяна Урусова, жауапты менеджер:
«Бізге соншалықты қорқынышты емес. Өйткені, ақпарат тарату орталығы күнделікті ескерту жұмыстарын жасап отырады. Егер шынымен-ақ, қандай бір қауіпсіздік туа қалса, ол жерге ешкімді жібермейміз. Рас, соңғы 6-7 жіберілу қысқартылды. Бұл сол елдегі тұрақсыздыққа байланысты болды.»

Қазір Египетке саяхаттау жолдамасының бағасы түсіп кетті. Сонда да, біздің елдің туристері өздерінің амандығы мен саулығы үшін арзан жолдаманы сатып алмасы анық.

Еске сала кетейік, еліміздің Сырқы істер министрі қазақстандықтарға Мысыр еліне бару сапарларын қысқартуды ескерткен болатын.