Өмірде де, өнерде де бірге жүрген дуэт Тоқтар мен Бейбіт отбасымен бірге демалысқа кетпек. Биыл олар бұл мақсатта Дубай елін таңдапты. Тоқтар Серіковтың айтуынша, жаңа жылға дейін одан кейінгі түсірілімдер, концерттік кештерден шаршадық. Енді бір тынығып шабыттанып қайтуды жоспарлап отыр екен.
Демалыстан кейін дуэттің жаңа үн таспалары жарыққа шықпақ. Жаңа үн таспаға енетін жаңа әндерді өнер иелері алдын ала жаздырып қойыпты. Жаңа үнтаспаға атау қоймады. Оған уақытымызда болмады деп нақтылап өтті Тоқтар Серіков.
Тағы бір айта кетерлігі Тоқтар Серіков өзін жаңа қырынан байқап жүр. Ол өзінен кейінгі жас әншілерге бағыт-бағдар берудіде қолға алыпты. Сол әншілердің бірі-Қанат Үмбетов. Жақында Қанаттың алғашқы әні жарыққа шығып, оған бейнеклип те түсірілген болатын. Енді Қанат екінші әнін жаздырып қойды. Оған да сәтін салса, бейнеклип түсірмек ниетте.