Жаңалықтар 

Кентауға қарасты Ащысай елдімекенінде қар астында қалған адамдар мен көліктерді құтқарып жатыр

Бізге берілген мәліметтерге сай, Ащысайға көмекке кеткен құтқарушылар кеше кешкісін жолға шығыпты. Бүгінгі таңда қар астында қалған көліктер мен адамдар шығарылып жатыр. Бұл елді мекен Қаратау етегінде орналасқан Кентау қаласына жақын орналасқан. Кеше кешқұрым жауған қар 30 санимертге жеткен. Нәтижесінде бірнеше автокөлік қар құрсауында қалған. Қазіргі уақытта бұл қаламен байланыс тым нашар. Жапа шеккен жандар мен көліктердің санын төтенше жағдайлар департаментінің мамандары анықтап жатыр. Бізде барысын қадағалаудамыз. Сондай-ақ бүгін Қазақстанның көптеген аймақтарында қатты жел, боран тұрады деген болжам бар. Әсіресе, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында секундына 23-28 метр қашықтықта жел тұрады….

Read More
Жаңалықтар 

Халық денсаулығы-басты назарда

ОҚО әкімдігінің жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі 11 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Жиында қабылданған шешімдердің бірі-медициналық қызметтің сапасын арттыру, дәрілік және медициналық заттар мен техникалық айналымы саласындағы іс шараларды күшейту. Медициналық қызметті бақылау бөлімі бойынша алынатын негізгі көрсеткіштер. Ана мен бала өлімі, азаматтардың арыз шағымдарымен жұмыс істеу және қан айналымы аурулары. Нақтырақ тоқталсақ, ағымдағы жылдың 11 айында облыс көлемінде 10 ана өлімі тіркелді. Ал өткен жылғы осы мерзімде 17 ана өлімі тіркелген болатын. Департамент бұл мәліметтерді сараптап, олардың 75 пайызын амбулаторлық жағдайда алдын алуға болатын еді деген…

Read More
Жаңалықтар 

Антарктидаға қазақ туы тігілді

Қазақстандық экспедиция ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын Оңтүстік полюсте қарсы алып, ақ континенттің 4600 шақырымға ұласқан қарлы сахарасынан Қазақстанның көк туын желбіретті. Нұрлан Абдулов жетекшілік ететін экспедиция құрамында оңтүстікқазақстандық альпинистердің де барын атап айтқан жөн. Осыған орай облыс басшысы А.Мырзахметов оңтүстікқазақстандық альпинистер Юрий мен Надежда Лукьяновтарды құттықтап, жеделхат жолдады. Айта кетейік, олар Антарктида құрылығындағы Винсон шыңын бағындырды. Бұл оңтүстікқазақстандық альпинистердің алғашқы жетістігі емес. Олар бұған дейін Африкадағы – Килиманджаро, Оңтүстік Америкадағы Аконкагуа, Еуропадағы Эльбрус, Солтүстік Америкадағы Мак-Кинли, Австралиядағы Костюшко шыңдарына көтерілген болатын.

Read More
Жаңалықтар 

Муслима Котлобулатоваға зейнетақысын алуға «Сбербанк» көмек беретін болды

«Сбербанк»АҚ Шымкент Филиалының директоры Марат Утемісов Ресей Федерациясының азаматы Шымкент қаласында тұратын Муслима Котлобулатоваға зейнетақысын алуға көмек беретін болды. Естеріңізге салып өтейік,  Муслима  (Ресей Федерациясының азаматы) Шымкент қаласына 13-қыркүйек күні келген болатын. Туған туысқандарын табуға көп уақытын жоғалтып теміржол вокзалында түнеуге де мәжбүр болды. Кейін оны Шамшидин Башатов есімді азамат өз қамқорлығына алды. Муслиманың тағдыры ғаламторда жарияланып, Красноярск қаласындағы әріптестеріміздің арқасында «Мы встретимся» атты бағдарламасының тілшілері анамен қызының кездесуін ұйымдастырды. Алайда, екі әйел тіл табыса алмады. Соңында Муслима туған жеріне қайтудан бас тартты. Өйткені ол жақта оған ешқандай қамқорлық жасалмайды…

Read More
Жаңалықтар 

Көшедегі көктайғақ қаланың қысқа дайындығын көрсетті

Қар жауса болды Шымкентте қозғалу қиын. Түнімен жауған қар, таңертеңнен көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді бірәз әбіржітті. Қала көшелерінің тазалығына жауапты «ЛТД тұрмыс» ЖШС мен» Юг дорсервис» мекемесінің мамандары көше жолдарын қардан тазартуға таңғы сағат 4-тен бастап кіріскенін айтып ақталуда. Нәтежесінде құм себуге кешігіп қалыпты техника да жетіспейді дейді мамандар. Алайда доңғалағы тайып көше кептелісінде тұрған жүргізушілер мен жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көлік иелері жол тазартушылардың жұмыстары көңілімізден шықпады дейді. Көлік иелерінің қысқа дайын еместігін доңғалақтары тайып, жол үстінде қалған көліктерден байқау қиын емес. Тіпті жедел жәржем көрсететін мекемелер де…

Read More
Жаңалықтар 

Қоқыс полигонын қайта қалпына келтіруге 180 млн. теңге бөлінді

Шымкенттің қоқыс полегонын қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін тағы да қосымша қаржы бөлінді. Қазан айында басталған іс қазір тоқтаусыз жүргізілуде. Мердігер бюджеттен бөлінген 180 млн. теңгені толығымен игерді. Келесі жылға облыстық мәслихаттың соңғы сесиясында 900 млн. теңге қаржы тағы бөлінді. Сол себепті 36 айға жоспарланған жұмысты «Ақ Орда» корпорпциясы келесі жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлауда. Бүгінде мұнда екі трактор 7 жүк көлігі жұмылдырылған. Полегонға қажетті 6 мың куб топырақтың 50 пайызы жеткізіліп үлгерді.

Read More