Жаңалықтар 

Жылы сөз-өмір сүруге құштар етеді

Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік сауықтыру орталығына Қазақстанның жастар ақпараттық қызметінің өкілдері қонаққа келді. Олар ата-анасының қарауынсыз қалған балдырғандарға құттықтау қағазын жасаудың неше түрін үйретті. Абдул Нұржанұлы, орталықтың тәрбиеленушісі: «Бүгін бізге аға-әпкелеріміз келіп, құттықтау қағаздарын жасауды үйретті. Жүрек арқылы зөіңінің жақсы көретін жаныңа жылулық сыйлау дегеннің не екеніні үйретті. Мен бұл сыйлығымды бізге тәрбие беріп, қарап жатқан апайларыма беремін». Бұл арқылы олардың бойын жақсылыққа баулып, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін оятпақ. Жылы сөздер мен көмкерілген жүрекшелер арқылы сыйластықты арттыруды үйретуге келген жастар, балақайларға құр қол келмепті. Олар өздері арнайы жинаған ойыншықтар мен…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкенттік жас математик күмісті қанжығалады

Шымкенттік шәкірт нағыз математик екенін дәлелдеді. 2012 жылдың 16,21-қаңтар күндері математика, физика және информатика пәндерінен Жәутіков атындағы VIII Халықаралық олимпиадасы болып өтті. Онда әлемнің 18 елінен 54 команда, 343 қатысушы өзара бақ сынасты. Бұл сынға біздің облыстан Серғазы Қалмұрзаев қатысып, жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Серғазы Қалмұрзаев Шымкент қаласындағы қазақ-түрік ерлер лицейінің 9-сынып оқушысы. Серғазы Қалмұрзаев, қазақ-түрік ерлер  лицейінің 9-сынып оқушысы: «Олимпиаданың сұрақтары өте қиын болды. Десе де дайындығымыздың арқасында бұл қиындықты аттап өттік. Әтеген-ай деген кездерімізде болды. Енді бас алмай тағы да мықты дайындалу керек. Бас жүлдені уысымыздан шығарып алғанымыз…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстік Қазақстан облысында үш жүкті әйелде «доңыз тұмауы» анықталды

Өңірдің санитарлық бақылау қызметі бұл мәліметті ауызша растағанымен, ресми сұқбат беруден бас тартып отыр. «H1N1 вирусын жұқтырған» деп күдіктенген тағы бір әйел ауруханада көз жұмған. Алайда, өңірдің денсаулық сақтау саласының мамандары олардың нақты неден қайтыс болғанын айтпай отыр. Айта кетейік қазір өңірде Астанадан келген арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр. Дене қызуы қатты көтерілген жүкті әйел Шымкенттің ауруханасына 20-қаңтарда жеткізілген. Құрсағында 4 айлық бала бар келіншек медициналық көмек көрсетілгенімен, бірнеше сағаттан соң жансақтау бөлімінде көз жұмады. Аурудың белгілеріне қарап науқас «доңыз тұмауына шалдыққан болуы мүмкін» деп қауіптенген дәрігерлер қазір науқаспен қатынаста…

Read More
Жаңалықтар 

Полицей кейпіне енген қылмыскерлер қарттардың үйіне ұрлыққа түскен

Бір емес, екі бірдей осындай ұқсас оқиға Шымкент қаласындағы «Жаңаталап» елдімекенінде орын алған. Зейнеткерлер мұндай жәйттен кейін үрейі қашып, баукеспелердің құрбанына айналамыз ба деп қорқады. Өздерін полиция қызметркеріміз деп таныстырған қонақтар Александр Линовтың үйіне 25-желтоқсан күні кешке келген. Олар төлқұжатты тексеруге келгендерін айтып, қариядан құжаттарын сұраған. Құжаттарын көрсеткен соң қария келгендерге қонақжайылық танытып дастарханын жаяды. Әлгілер терезеге қараумен болады. Бұдан соң, күтпеген тұстан олар үй иесіне шабуыл жасайды. Қария осылайша бір сәтте жиған-тергенінен айрылды. Ал сол күні қойдың терісін жамылған қасқырлар кешкісін тағы құрбанын тауып үлгерді. Полицеймін деп өздерін таныстарған…

Read More
Жаңалықтар 

Заңсыз дискілер тәркіленді

«Shine Stars Production» ЖШС-нің продюсері Баян Есентаеваның арызына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан Әділет Департаменті мен құқық қорғау органдары бірігіп авторлық құқықтарды қорғау мақсатында тексеру жұмыстар жүргізілді. Рейдтік шараларының нәтижесінде Арыс пен Шымкент қалаларында 2011 жылдың желтоқсан айында ғана тұсауы кесілген «Ғашық жүрек-2 немесе Коктель для звезды» атты филімдердің заңсыз көшірілген дискілер тәркіленді.

Read More
Жаңалықтар 

Түркістанда қарулы қақтығыс орын алды

Қылмыстық топ тәртіп сақшыларына қарсы оқ жаудырған. Бірақ, арнайы шұғыл операцияға дайындықпен барған жасақ, қарсылық көрсеткен топты тез арада құрықтап үлгерді. Қылмыскерлерді ұстау кезінде тәртіп сақшыларына қарсы оқ атылды. 21-қаңтар күні полицейлер Түркістан қаласындағы үйлердің бірін қоршауға алған. Шұғыл шара барысында үй ішіндегі азаматтар осылайша қарсылық көрсеткен. Дегенмен, ІІД-нің жедел қимыл арнайы жасағы қызметкерлері шұғыл шараны адам шығынынсыз аяқтады. Серік Шалқаров, Түркістан ҚІІБ-нің бастығы: «Олардың үйлерін тінту жүргізгенімізде бірнеше оқтары бар қару жарақтар табылды. Қазіргі таңда 3 ұсталған абақтыға жабылды». Қылмыстық топтың бір мүшесі алдын қарақшылық жасағаны үшін сотты болған.…

Read More