Жаңалықтар 

Дархан Мыңбай министр болды

Оңтүстіктің тумасы, талай жыл Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің идеология жөніндегі орынбасары қызметін аброймен атқарған Дархан Қамзабекұлы Мыңбай ҚР Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Қазіргі сәттерде үкімет басшысы К.Мәсімов Мәдениет министрлігінің ұжымын жаңа басшымен таныстырады деп күтілуде. Дархан Мыңбай мамандығы — журналист. Ол 2008 жылдан бері ҚР президентінің әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып қызымет атқарып келді.

Read More
Жаңалықтар 

Енді әскерге алдымен жоғары білімі бар, шетел тілін білетіндер алынады

Әскери коммисарияттарда тіркелмеген азаматтар саны көбейіп отыр. Ал биылғы жылы қарулы күштердің қатарына 6 мыңдай, өзге әскери құрамаларға тағы 8 мыңдай жасты шақыру жоспарлануда. Сондықтан, қорғаныс істер жөніндегі басқарма мамандары әскерге шақыру науқанына дайындықты ерте бастап кетті. Бейресми мәліметтерге сүйенсек елімізде отыз мыңдай адам әскери тіркеуге тұрмай жалтарып жүр. Олардың көпшілігі мектеп бітіргеннен кейін жоғарғы оқу орнына түсіп тұрғылықты жерін ауыстырғандар. Өйткені өзге қалада тұрақты баспанасы болмағандықтан әскери тіркеуге қайта тұра алмай қалып жатады. Соңғы жылдары әскерге шақырылушының жалпы білім деңгейі, дене шынықтыру жағдайы, моральдық, психологиялық болмысы тексеріліп, қатаң іріктеле…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстікқазақстандықтар өзекті мәселелерімен сотқа көптеп жүгінуде

Оңтүстік Қазақстан облысы соттарының жұмысы күннен-күнге артып жатыр. Бұл туралы Фемида қызметкерлері жиналыста жария етті. Оңтүстік менталитетінің өзгеруіне байланысты мұндай сұрақтардың легі де өсіпті сотта. Енді тұрғындардың басым бөлігі өзекті мәселелерін тек сотта шешеиін болыпты. Былтырдың өзінде 42 мың тұрғынның азаматтық ісі қаралса, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 15 пайызға жоғары. Алайда, бұл көрсеткіш сот корпустарының көбеюіне байланысты емес дейді Жоғарғы сот. Фемида қызметінің қорытындысына байланысты өткен жыл құқыққорғаушылар әділ жұмыс істепті. Оңтүстік өңірі республика бойынша жоғары орынды иемденіпті. Судьялардың айтуынша, 5 пайыздық көрсеткішке тиесілі іске ғана шағым түскен, ал қалған…

Read More
Халық жаңалығы 

Алдағы күнге ауа-райы болжамы

Қазақстанда алдағы екі күнде, антициклонның ыдырауынан аяз әлсірейді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс арқылы атмосфералық тұтас ағым өтуінен ауа райы құбылмалы болады. Оңтүстік Қазақстан облысында аздап қар жауады, тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғып, кей жерлерінде 15-20 м/с болады. Ауа темперутаруасы түнде -8,-13, кей жерлерінде -16,-21, 24-қаңтарда түнде -5,-10, кей жерлерінде -16 градус аяз болады, күндіз -3,-8 градус, кей жерлерінде 0,-5 градусқа дейін көтеріледі.

Read More
Жаңалықтар 

Сырым Исабаев кино түсірмек

Әнші Сырым Исабаевтың жақында Қуаныш Жаманқұловтың сөзіне жазылған «Жалынбас жүрек» атты жаңа әні жарыққа шықты. Бұл әнге әнші бірер күнде бейне клип түсірмек ниетте. Қазір концерттік кештермен қарбаласып жүріп жеке шығармашылығыма уақыт табу қиындау болып жүр дейді Сырым. Әншінің өз көрермендеріне жеткізер жаңалығының бірі. Көктемде жаңа фильмнің түсірілімі басталады. Бұл фильм «Қыз алып қашу» операциясына ұқсас болу-болмауын әзірге айтпай құпия түрде сақтасақ дейді ол. Қазір Сырым Еркін Нұржановпен бірге Батыс өңірінде гастрольдік сапармен жүр. Алдағы күндері Сырым Монғолияға барып, концерттік кеш беріп қайтпақ. Осы мақсатта дайындықтар жүргізілуде.

Read More
Жаңалықтар 

Былтыр импортымыздан гөрі экспортымыз көп болыпты

2011 жылдың қаңтары мен қараша айларында ОҚО-дағы тауар айналымы 3 млрд 523 млн 200 мың АҚШ долларын құраған. Оның көп бөлігі — экспорт яғни, тауарды сыртқа шығару болып табылады. Ал 1 млрд. 274 млн. 500 мың доллар ақшаға біздің өңір түрлі өнімдер сатып алған. Нұрболат Сарғалдақов, ОҚО статистика департаменті сауда-саттық басқармасының бастығы: «Біздің облыстың бүгінгі таңдағы сауда байланысы көршілес Өзбекстанмен жақсы жолға қойылған. Қазіргі күні екі ел арасындағы экспорт 26,2 пайызды, импорт 33,7 пайызды құрап отыр». Саудадағы тағы бір ірі серіктесіміз — Қытай. Кедендік одақ келісімі барысында облыстағы тауар айналымы…

Read More