Жаңалықтар 

Оңтүстіктің кеденшілері былтыр ортақ қамбаға қаржыны еселеп құйған

ОҚО кеденшілері республикалық қазына қорын 36 миллиард 567 миллион теңгеге толықтырды. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 50 пайызға көп екен. ОҚО Кедендік бақылау департаменті қызметкерлерінің сөзінше, Өзбекстаннан әкелінетін жеміс-жидек өнімдері былтырғыға қарағанда бес-алты есе өскен. Соның нәтижесінде қосымша құн салығы артып, ортақ қамбамыз молайып отыр. Және департамент тарапынан берешектермен жұмыс жақсы істеліп, 4 миллиард теңгеге жуық ақша келіпті. Өз кезегінде мұнайдың да экспортталуы жоғарылап, қаржының молаюына айтарлықтай септігін тигізген. Өткен жылы кедендік рәсімдеуден 35 мың жеңіл көлік пен 37 мың жүк көлігі, 1072 әуе кемесі, сондай-ақ, 1384 жолаушылар пойызы өткен. Одан…

Read More
Жаңалықтар 

«Своидың» тұсаукесері өтті

Шымкентте тағы бір отандық фильм көрерменге ұсынылды. «Хметод», «Жайдарман», «Шымкент Пикчерc» студиялара түсірген «Свои» фильмінің премеьерасына жиналғандар көп болды. 50 мың АҚШ доллорына түсірілген дүние алғашында орыс тілінде түсіріліп, қазақ тіліне аударылыпты. Бұл режиссердің жаңа туындыны спутниктік арналарға ұсынсам деген ойынан туындапты. Идея авторы — басты рөльді сомдаушы Олжас Бекбауов. Дұрыс жолдан адасып, қара ниетті жандармен шатасқан Олжас ана мен әкеден, ағайын, туыс-бауырдан ажырап қалады. Соңында одан теріс айналмаған әке-шешесінің көмегімен отбасына қайта оралады. Бұған дейін 25 теңге фильмінде актерлік тәжірибе жинап үлгерген кейіпкер осылайша жағымсыз образды ойнауды. Олжас Бекбауов,…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкентте тағы бір отбасы үшемдермен толықты

Екі қыз бен бір ұлдың бір уақытта дүниеге келуіне ата-аналарынан бұрын «Нұрсәт» шағынауданындағы перинаталдық орталықтың дәрігерлері қуануда. Себебі, орталық жұмысын бастаған бір жылдан бері, үшемдер туылған емес. Тарихи жағдай деп біледі мұны олар. Інжу, Арман, Маржан. Қаңтар айының 18-і күні жарық дүние есігін ашқан сәбилердің атын туыстары осылай атапты. Алғашқысы қыз бала 2.900 гр. салмақпен туылса, артынша ұл бала 2.430 грамм, ал кенже қыз 1.950 грамм салмақпен ата-анасының бақытына аман келді өмірге. Құйтақандай болғанымен, үшеуінің мінезі үш түрлі. Айгерім Белгібаева, үшемдердің анасы: «Үлкенім салмақты, ұл бала әкесіне ұқсайды, кішкентайымыз өте…

Read More
Жаңалықтар 

Зертханалық тексеруден өткіңіз келсе «Мегалабқа» келіңіз

Биылдан бастап Шымкент қаласы Әл Фараби ауданының тұрғындарына ыңғайлап «Мегалаб» медициналық зертханасы кезекті қабылдау пунктін ашты. Ол Қазақстанның барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сай. Орталық Байтұрсынов көшесіндегі «Спорт» аялдамасының жанында орналасқан. Зертханалық тексеруден күнделікті сағат8.00 ден 15.00-ге дейінғ сенбі күні 8-ден 13.00 ге дейін өтуге болады. Людмила Горбунова, зертхана меңгерушісі: «Шымкенттіктер Мегалабпен өткен жылдың тамыз айында танысты. Бүгінгі күні зертханамыз емделушілер үшін ОҚО мен Шымкент қаласында қабылдау жүйесін құруда. Қабылдау пунктінің Байтұрсынов көшесінде орналасуы онкодиспансер мен кардио орталыққа келушілерге оңтайласқанымыз. Оларға әрбір минут маңызды. Біздің қондырғымыз — 24 сағат ішінде талдау нәтижесін…

Read More
Жаңалықтар 

Жолдауды оңтүстік жұрты ұйып тыңдады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады. Онда Елбасы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, инновациялық бағдарламаларын одан әрі дамыту жоспарын нақтылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында он басым бағыт айқындалды. Палатаның бірлескен отырысына жиналған қауымның қарасы қалың. Депутаттар да, үкімет мүшелері де, министрлер кабинеті мен облыс әкімдері де осында. Осы отырыста келер бес жылда жүзеге асыратын 10 бағыттан тұратын даму жоспары белгіленді. Оның біріншісі — жұмыспен қамту. Жұмыс орындарын ашып, халықты лайықты қызметпен қамтамасыз ету үкімет пен әкімдерге…

Read More
Жаңалықтар 

595 жұмысшы жалақысын ала алмай жүр

ОҚО-да 7 кәсіпорын өз жұмысшыларына еңбек ақысын төлемеген. Олардың 595 жұмысшыға 50 миллион теңгеге жуық қарызы бар. 30 миллион теңге қарызы бар үш кәсіпорын құлдырауға ұшыраған. Борышкерлердің қарызын өтеу ісін облыстық прокуратура өз бақылауына алған. Белгіленген мерзімге дейін бұл іс бойынша мәселе шешілуі тиіс. Даулет Дербісалдинов прократура қызметкері: «Негізінде құрылыс компаниялары жұмысшыларының жалақысын төлеуге келгенде салғырттық танытады.  Содан барып, ол жалақылар айлап жиналып, соңы компанияның құлдырауын келіп соғады. Құлдырау — ол басқа мәселе , ал жалақыны уақытыл төлеп, жұмысшының құқын таптамау басқа мәселе. «

Read More