Әнші Заттыбек Көпбосынұлы қызды болды

Әнші Заттыбек Көпбосынұлы

Жаңа жылда әнші сазгер Заттыбек Көпбосынұлының отбасы керемет қуанышқа кенеліп,  толықты. Әншінің жары Әлия дүниеге салмағы 3 келі 700 грам, ал бойы 53 см Айзере есімді нәрестені алып келді.

Заттыбек Көбосынұлы, әнші сазгер: «Қуанышымызда шек жоқ. Бұл сәбиді біз 10 жыл күттік. Міне Алланың арқасында айы күні жетіп келіншегім босанды.  Шымкент қаласында босанды. Қазір біз Алматы қаласында тұрып жатқанымызбен, өзіміз туылған қалада қызымыздың туылуын жақсы ырымға баладық. Қазір Құдайға шүкір жас анамен нәрестенің жағдайы бір қалыпты. Ендігі арманым осы қызымыз тек біздің ғана емес, елінің сүйікті қызына айналғанын тілейміз».

Ал Заттыбек Көпбосынұлының шығармашылығында көптеген жаңалықтар орын алуда. Жақында әншінің орындауындағы «Ауылға кеткім келіп тұрады» атты әніне бейне клип түсірілді. Әншінің айтуынша, бұл бейнетуынды ауылға, туған жерге деген сағыныштан туған ой екен.