Шымкент қаласында бір бағытта, бір ізбен үйлерді тонап келген, «үйқарақшылары» ұсталды. Олар жеке үйлерді тонап келген.
Барлық ұрлықтары бір ізділікпен жасалып келген, яғни тұрғындардың үйіне терезеден кіріп, бағалы заттары мен ақша және қомақты дүнbелерін алып кетіп отырған. Олардан жапа шеккендердің басым бөлігі Шымкент қаласы Абай ауданында тұрады.
«Үйқарақшыларының» бір құрбаны 35 жастағы жергілікті тұрғын. Үстіміздегі жылдың 10-қаңтар күні, күндізгі бірлер шамасында бейтаныс азаматтар оның үйіне терезе арқылы кіріп, 90 мың теңгесі мен 200 АҚШ долларын қолды еткен.
Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жүйелі жұмысының арқасында тонаумен айналысып келген үш азамат ұсталды. Олар 1993 және 1994 жылы туған шымкенттіктер болып шықты. Тергеу жұмыстары олардың дәл осындай 20 ұрлыққа қатысы барын дәлелдеп отыр. Олардың жәберленушілерге келтірілген шығындары 2 миллион теңгені құрап отыр.
Қазір олардың үстінен ҚР ҚК-нің 175 бабы «ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда отыр.