Өмірімді спортқа арнаймын

"Тұлпар" тобы тұлпарларша зулады

Осындай атаумен қаламыздағы №44 Б. Момышұлы атындағы мектепте отбасылық спорттық эстафеталық жарыс өтті. Шараның аты айтып тұрғандай, жылдамдық пен ептілікті байқататын сайысқа тек спортты жаны сүйетін оқушылар мен ата-аналар қатысты.

Осындай белсенді мүшелерден құралған топтың саны үшеу: «Жігер», «Сұңқар», «Тұлпар». Бірнеше күндік дайындықтан өткен қатысушылар «Кеңгіру», «Қаңбақ шал», «Қар жасау», «Қоян» сынды қиын кедергілерден өтіп қана қоймай, бірінші болып мәре сызығын кесуге тырысып бақты.

Бір түсті киім формасын киіп, бірге ұрандатып, бірлігі жарасқан «Тұлпар» тобының мүшелері 4  адамнан тұрады. Олардың бар ойы- жеңіс белесінен көріну.

«Тұлпар» тобының мүшелері:

Біз бүгінгі жарыстан ерекше серпін алдык. Әрине кедергілерден өту оңай емес. Алайда мұның біздер үшін еш қиындығы жоқ. Оны біз топ болып шешудеміз. Уақытымыз өте қызықты өтуде.

Облыстық балалар және жасөспірімдер орталығының жетекшілері ұйымдастырған сайыстың мақсаты —  оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға үгіттеу және спортпен достасуға шақыру.

Қорытынды бойынша, «Тұлпар» тобы ең жылдам әрі епті отбасы болып табылды. Ал қатысушылар жарыста денелерін шынықтарып қана қоймай, ерекше серпінмен қайтты.