Өзара есеп айрысудың соңы бейкүнә баланы анадан айырды

жасөспірім

Әл-Фараби аудандық сотында тағы біршулы қылмыстық іс басталды. 6 жасөспірімга қару қолданып бұзақылық жасаған деп айып тағылып отыр. Ал біреуі тіпті абайсызда адам өлтірген. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қыркүйекте мектеп оқушыларының топтық қақтығысында оқ абайсызда жолда кетіп бара жатқан әйелге тиген болатын. Ол өзінің 4 жасар перзентінің көз алдында көз жұмған еді.

Жәбірленуші жақтың туыстары сот ғимараты алдында ерте жиналды. Марқұмның күйеуі Түймебай Байходжаев анасының өліміне куә болған 4 жасар ұлымен келіпті. Отағасы әйелінің қазасынан кейін балаларымды жалғыз қалдыруға қорқамын дейді.

Түймебай Байходжаев, марқұмның жұбайы: «4 балам анасынан айрылды, жетім қалды. 2 ай болды жұмыссыз отырмын. Бірі түске дейін бірі түстен кейін сабақта. Өздерін қалдыруға қорқамын. Газға уланып қала ма не болып қалады деп уайымдаймын. Анасынан айрылдық. Енді балаларымнан айрылып қаламын  ба деп қорқамын».

Бір айнылдырғанды Құдай шыр айналдырады деп жәбір көрген жақтың туыстары қынжылады. Көз алдында анасынан айрылған 4 жасар бала қатты психологиялық күйзеліске душар болыпты. Мұнан соң, бүлдіршіннен айрылып қаламыз ба деген үрей де болған.

Жәбір көрген отбасының туысы: «Басында сөйлемей қойды. Ағама айттым, қазақшылығы бар, психологы бар көрсетейік деп. Енді бері қарадаы. Алдын көзі мұңға толы болатын, аяймын».

Айыпталып отырған 16 жастағы бозбалалар. Олардың кәмелет жасқа толмағандығы мен қылмыстық заңның ерекшелігіне қарап сот төрағасы БАҚ-на олардың бетін көрсетуге тиым салды. Алдымен сөз прокуратура өкіліне берілді.

«Сапарбеков деген азамат заңсыз қару сақтаған және бұзақылық жасап, байсызда адам өлтірген деп, ал қалған бесеуіне бұзақылық пен қару қолданған деген айып  тағылып отыр».

Бұл іс қиын әрі ұзаққа созылары анық. Ендігі сот отырысында куәгерлер тыңдалады.