20 миллион теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

345
Сурет customs-pavl.ucoz.kz сайтынан алдынды
Сурет customs-pavl.ucoz.kz сайтынан алдынды

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері жалпы бағасы 20 миллион теңгеден астам соманы құрайтын экономикалық контрабанда тауарларын анықтады.

Аталмыш дерек департаменттің контрабандаға қарсы күрес басқармасы мен «Бауыржан Қонысбаев» кеден бекеті қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шараларының барысында белгілі болды.

Туркия елінен Алматы қаласына бара жаткан «DAF» маркілі жүк автокөлігіне тексеру жүргізу кезінде,  кедендік бақылаудан жасырын, тауарды жалған декларациялау арқылы өткізбек болған халық тұтынатын тауарлар яғни  джинсы матасы, махер сүлгісі, ламбрекенді перделер, плафондар,  сондай-ақ 5 дана диван, кілемдерді жууға арналған кіржуғыш машина анықталды.

ОҚО бойынша КБД Кедендік кірістер басқармасы есебіне сәйкес бұл контрабандалық тауардың құны 20 854 796 теңгені құрады.

Аталмыш факт бойынша ОҚО бойынша КБД Контрабандаға қарсы күрес басқармасының анықтау бөлімі ҚР ҚК-ның 209-бабы 2-бөлігі «г»-тармағында (экономикалық контрабанда, яғни тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жалған декларациялау жолымен аса ірі көлемде тасымалдау) қарастырылған қылмыс белгілерімен тексеру алды амалдарын жүргізуде.