2011 жыл-Оңтүстікте жүзеге асқан жаңа жобалармен есте қалды

250

Индустриалды аймақта құрылысы былтыр қарқын алған тірліктер жүзеге асты. Аймаққа шетел инвесторлары тартылады. Соның нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылады, шағын және орта бизнес дамиды деген бастама жалғасын тапты.

Индустриалды аймақ бұрынғы фосфор зауытының аумағында бой көтерген. Мұнда пайдалануға жарамсыз ғимараттар қайта монтаждаудан өтіп, ауқымды жұмыс атқарылды. Аймақтың 7 гектар алаңында алғашқылардың бірі болып, жаңа өндіріс орны «АРТ құрылыс» ЖШС іске қосылды. Инвестициялық жоба аясында салынған кәсіпорынның қуаты 200 мың текше метр темірбетон құрылыс заттарын шығару.

Индустриалды аймақтағы «Феррум Фтор «ЖШС-нің құрамындағы өндірістердің бірі-силикат үйіндісі мен сұйық шыны цехының жұмысымен өңірімізге іс-сапармен келгенде Елбасы танысып, оң бағасын берді.

2011 жылы жүзеге асқан инвестициялық тиімді жобалардың бірі-қысымда жұмыс істейтін құбырлар мен цистерналарды жөндеу өндірісі-«Югремгаз» ЖШС. Серіктестіктің басты міндеті сұйытылған көмірсутек газдарын тасымалдайтын вагондарды инспекциялау және қызмет көрсету.

Жаңа кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы-өңірдің экономикасының табысты дамуының нышаны.