Қазір Қазығұрт ауданында жүрген тілшімізден шұғыл келіп түскен ақпарат бойынша, ОҚО Қазығұрт ауданының «Рабат» ауылдық округіне карасты Қызылдала, Атбұлақ ауылдарында медициналық тіректер ашылып жатыр.
Бұдан былай жергілікті амбулатория ауыл тұрғындарына шұғыл алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Яғни, ауылдардағы дәрігерлік тіректер көмек көрсету мүмкіндігіне ие болып отыр.
Дәрігерлік тіректердің жалпы сметалық кұнына облыстық бюджеттен 62 млн.-ға жуық каржы бөлінген. Сонымен қатар, Қазығұрт ауыл округіндегі 3 коммуналдық тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Баспана жағдайы төмен және жарымжан жандарға беріледі. Оған облыс қазынасынан 11 млн. 800 мың теңге бөлінген.