Жаңалықтар 

Дарын-2 мектебі қосымша ғимараттармен толықты

Талапты балаларға арналған Дарын-2 мектебінде қос бірдей қуаныш орын алды. Мұнда интернат ғимаратының ашылуы және жоғарғы талаптарға сай жаңа спорттық залдың ашылу рәсімі болды.

Интернаттың жаңа корпусының ашылуын мұғалімдер мен оқушылар көптен бері күткен еді. Енді біріне толыққанды білім алуына, біріне тыңғылықты дәріс беруіне мүмкіндік туды.

Мұнда құрылысшылардың бәрін тыңғылықты жасауға тырысқаны байқалып-ақ тұр. Интернат ғимаратында 150 тәрбиеленушіге барлық жағдай жасалған.

Дарын мектебінде 650 оқушы білім алады. Дәріс қазақ тілінде жүргізіледі. Шәкірттер білім ордасында бірден үш шет ел тілін ағылшын, неміс, француз тілдерін үйренеді. Шәкірттердің қуанышына орай құрылысшылар спорттық залды да сыйға тартты. Бұрын олар мектептің екінші қабатындағы кіші залында дене шынықтырумен шұғылданатын. Мұнда да барлық жағдай жасалаған.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz