Оқыс оқиға 

Екі жұмысшы үйдің екінші қабатынан құлап түскен

Бүгін таңертең Шымкенттегі Тыныбаев көшесіндегі көп қабатты үйлердің екінші қабатында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан екі құрылысшы құлап кеткен. Куәгерлердің айтуынша, бұл оқиға техникалық ақауларға байланысты болған. Зардап шегушілерге жедел медициналық жәрдем бригадасы келіп, көмек көрсетіп, ауруханаға алып кеткен.

Ал сол маңдағы жергілікті тұрғындардың сөзінше, екі жұмысшы жеңіл жарақат алыпты. Өйткені екінші қабаттан құлаған зардап шегушілерге соққы ауыр тимеген көрінеді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz