Енесін өлтірген келін 12.5 жылға сотталды

356
бас бостандығынан айрылды

18 жыл өз отбасында келін болып, 4 баласының анасы атанған Сәулет ақшаға қызығып, аса ауыр қылмысқа жасауға өзінің туған жиеніне тапсырыс береді. Өзінің туған әкпесінің баласын бір айға жуық үгіттеп қылмысқа тартып, ақыры аса ауыр қылмыстың жасалуының ұйымдастырушысы болды.

Іс барысында анықталғандай, 2010 жылдың көктемінде Сәулет күні мен уақыты анықталмаған жағдайда енесі Қызылорда қаласында қонақта жүргенде, оның сандықта сақтаған 20500 АҚШ долларын әр кезде, әр түрлі сомада осы жылдың маусым айына дейін ұрлап алып өз қажетіне жұмсаған, ал ұрланған ақшаның орынына жалған АҚШ долларларын салып қойған.
2011 жылдың тамызында Ұ.Ерманова 20 500 АҚШ доллары ақшасын ұлы Е.Ермановқа беретінін естіген С.Ерманова қылмысы ашылудан қауіптеніп, енесін қасақана өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру туралы шешім қабылдайды.

Өзінің қылмыстық жоспарын іске асыру мақсатында, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шілікті елді мекенінде тұратын 1988 жылы туылған Таңатаров Медет Оразбекұлын Шымкентке келіп, Ұ.Ерманованың бөлмесіндегі сандықтан жалған ақшаны алып, оны өлтіруге ұсыныс жасап, ақысына ақша беремін деп және оның Ақтөбе қаласынан келіп қылмыс жасайды деп күдіктенбейтінін айтып қылмысқа азғырған.

13.08.2011 жылы 07 сағат 15 минуттың шамасында жұбайы Ж.Ерманов үйінен жұмысына кеткен кезде, С.Ерманова ұялы телефонымен М.Таңатаровқа есіктің ашық екендігін және күйеуінің жұмысқа кеткенін айтып, оған үйге кіре беруді тапсырған.

М.Таңатаров қылмысы әшкере болмауы үшін, қолына дайындаған қолғап киіп, көзіне көзілдірік тағып, үйдің Ұ.Ерманова жатқан бөлмесіне кіріп, оның қол-аяғы мен ауызын байлап, қозғалуға шамасын келтірмей етпетінен жатқызып, қорқытып ақшасының сандықта екендігін біліп алған.

Алдын ала тергеуде өз кінәсін толық мойындаған сотталушы С.Ерманова, алқа билердің алдында аяушылық кейіп танытып, төрт баласын алға тартып, полиция қызметкерлерінің ұрып-соғып кінәсін мойындатқанын айтқанымен. Бір айға жуық қаралған қылмыстық іс бойынша сотталушының әрекеті бойынша тергеу орнымен жиналған дәлелдемелерге, басты сот талқысында анықталған мән-жайларға баға келе сотталушы С.Ерманованы аса ауыр қылмысты ұйымдастырушы деп тауып, оның кінәсі делелденген деп алқа билер дауыс берді.

Қорытындылай айтқанда алқа билер бір ауыздан өз енесін өлтірген келінді кінәлі деп тапты, оған қатаң жаза тағайындалды.

Соттың  үкімімен сотталушы Ерманова Саулет Камайқызы ҚР ҚК-нің 96 бабының 2 бөлігінің  тармақтарымен кінәлі деп оған осы баппен 12 жыл бас бостандығынан айырылды.
Сотталушы Танатаров Медет Оразбекұлы ҚК-нің 96 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 12 жыл 7 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленді. Екі сотталушының да жеке мүліктері тәркіленді.