Жаңалықтар 

Инво-такси қызмет көрсетуге дайын

Сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандар да дауыс бере алады. Олар үшін Шымкентте мүгедек жандарға арналған таксилер жұмыс істейді.

Ескертетін жәйт, дауыс беруге ниеттілер алдын-ала Шымкент қалалық мүгедектер қоғамына тапсырыс беруі тиіс.

Айта кетейік, біздің қалада арбаға таңылғандарды таситын төрт көлік бар. Олар бір айда төрт мың шақыртуға барады екен. Ал бір мүгедек жан айына 8 рет шақырту бере алады.

 Шымкент қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Вадим Торопов: ” Біз саяси науқанға сақадай саймыз. Тек сайлауға барып дауыс берем деушілер тапсырыс берсе болғаны. 15-қаңтар күні мүлтіксіз қызмет көрсетеміз деп отырмыз”-дейді.

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "Инво-такси қызмет көрсетуге дайын"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Мүгедектер үшін жасалған мүмкіндік арта берсин. Алайда, 4 колик аздық етеди емес пе? Ардак, жумысына саттилик тлеймин!

wpDiscuz