Жаңалықтар 

«Күншуақ» байқауының жеңімпазы Шымкенттен

Алматыда  6-9 қаңтар аралағында республикалық «Күншуақ» байқауы өтті. Биылғы оның жеңімпазы шымкенттік Қуаныш Ережеп. Қаламыздағы №44 мектептің 8-сынып  оқушысы кішкентайынан ән айтып, түрлі байқауларға қатысқан.

Қуаныш Ережепов, байқау жеңімпазы: «Түрлі жарыстарға қатысып жүргеніммен, бұл менің үлкен сахнаға алғаш шығуым. Сондықтан да аздап қобалжыдым. Бірінші орынды жеңіп алғаныма өте қуаныштымын».

Фестиваль-конкурстың биылғы атауы «Зимняя сказка в Алматы 2012». Қазақстанның 14 облысынан қатысқан 36 үміткердің тек 10-ы ғана финалға шыққан. Тек вокал бойынша бақтарын сынағандар 3 пен 10, 11 мен 17 жас айырмашылықтары бойынша екі турдан өткен. Жерлесіміз Ш. Қалдаяқовтың «Отырар тойы» және халық әні «Іргеліні» орындапты.

Балиха Сапарбаева, балалар және жасөспірімдер орталығындағы бөлімнің жетекші маманы: «Мен бірнеше жылдан бері мектептегі «Жастар ассосациясын» басқарамын. Үнемі республикалық дәрежедегі жарыстарға балаларды қатыстырамын. Сондықтан да әр уақытта талантты, өнерлі балаларды байқап, оларды  жүремін.  Сөйтіп көзге ілінген Қуаныш ғой бұл. Әрі бұған дейін №79 мектептің оқушысы да дәл осы байқауға барып, бірінші орынды иеленген болатын. Сол үшін де марапаттау қағазымен мараптталдым».

Қуаныш бүгінде облыстық балалар жане жасөспірімдер орталығындағы «Эстет» үйірмесіне қатысады. Вокал бойынша сабақ алады. Оның дауысында тазалық пен нәзіктік бар деген ұстазының үмітін жеңімпаз ақтағысы келеді. Атақты әнші боламын деп армандайды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz