Кентауда жаяу да, көлікпен де жүру мүмкін емес. Көшелер көктайғақ

572

Кентау қаласының көлік жүргізушілері көшедегі мұздан жүру мүмкін болмай отыр, билік өкілдері шара қолданса қайтеді деген қынжылыстарын  білдірді. Ауы-райы төмендеген сайын мұз қалыңдап жатыр.

Бұл 29 желтоқсанда жауған қардан кейінгі көрініс. Одан бері температураның төмендеуінен көшедегі мұздар қалыңдап кеткен. Қаладағы барлық көшеде де жағдай осындай. Қоғамдық көлік жүргізушілері де көпшілікті жеткізу қызметі кезінде әбігерге түскенін айтады.

Кентау қаласында жалпы 132 көше бар. Оның ішінде 25 жолды тазалауға жауапты «Кентау — Тазалық» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры Мұратша Төнтеков мұздың еруін күтіп жүргенін айтады. Ал, Бүгінгі жауған қарды тазаланған. Алайда толық емес. Тұз араласқан құмды ертең таңертең сеуіп шығуға уәде берді.