Халықаралық байқаудың жеңімпазы, Оңтүстік өңірі Бәйдібек ауданының тумасы әнші Маржан Арапбаева жақында «Болдың ғой сен маған уайым» атты жаңа әніне бейне клипті Түркия елінде түсірмек.
«Түркия елін тектен-тек таңдаған жоқпыз. Ол жақта біздің отбасылық белгілі клипмейкер Мурат Онгул есімді досымыз бар. Сол кісілердің көмегінің арқасында жаңа туынды жарыққа шықпақ,»-дейді Маржанның өмірлік жолдасы Бақытжан.
Ал Маржан өмірлік жолдасы Бақытжанмен өнер жолында танысқан. Қазір оладың бір қызы бар. Жақында Маржан жары Бақытжанмен дуэт болып шықпақ.