«Нұрсәт»-тәжірибе алаңына айналмақ. Бұл шағынауданға биыл жерасты контейнерлері орнатылады екен. Пилоттық жоба негізінде «Технология-21» ЖШС іске асырады. Контейнер 2-2.5 метр көлемді жерді алып тұрады. Жер бетінде оның қақпағы ғана көрініп тұратын болады.
Қоқыс 5 куб метр сыйымдылықтағы өзіндік тор қалтаға жиналады. Жүйені MOLOK OY фирмасы жасаған. Жаңашылдықтың жақсы жері-қаңғыбастар да, ит-мысықтар да қоқысты шашып тастамаймын болады. Контейнерлердің қақпағы енсіз, адам кіре алмайтындай етіп жасалмақ.