ОҚО, Шақпақ баба ауылында 2 жасөспірім уланды деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқиға 1-қаңтар күні сағат 11:57 де орын алған. Себеп-болжам бойынша, жер үйде табиғи газбен жылынған пештің бұзылуы болып отыр. Салдарынан 3 адам оның ішінде 2007 жылы туылған сәби ауруханаға жеткізіліпті.
ТЖМ-нің мәлімдеуінше, 1-қаңтар күні өрттен 2 әйел қаза болған. Өрт Республика даңғылындағы 5 қабатты тұрғын үйдің бірінде орын алған. Тілсіз жаудан опат болғандардың денесін өр сөндіруші қызметкерлер алып шықты. Мамандар өрт себебін анықтау үстінде.