«Оңтүстікфильм» ғимараты күрделі жөндеуден өтті

"Оңтүстікфильм"

Жарты ғасырдан бері шеге қағылмаған Шымкент қаласындағы «Оңтүстікфильм» ғимаратына биыл облыстық бюджеттен 37 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп, күрделі жөндеуден өтті. Енді өнерлі ұжым түсірілімдер жүргізіп, ең бастысы монтаждау жұмыстарын алаңсыз жасайтын болыдық деп қуанады. Өйткені дыбыс жазу бөлмелері ғимараттың тозғанына байланысты арнайы құрылғылармен жабдықталмаған болатын.

Батырхан Дәуренбеков «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
Жөндеу жұмыстары өте сәтті жүргізілген. Енді бұл ғимарат ұзақ жылдар жөндеуді көрмеген ғой. Көңіліміз толады. Өзге елден келген қонақтарды ұялмай күтіп алып, ғимаратымызды мақтанышпен көрсете аламыз. Ең бастысы мұнда сапалы жұмыстарды жүргізуге мүмкіндіктер жасалынып отыр.

Осыған дейін мектеп оқушыларына тәрбиелік мәнді мультфильмдер мен кино ұсынған бұрынғы облыстық кинобейнеорталық мемлекеттік мекемесі енді отандық әншілерге тегін клип түсіріп, өңіріміз жайлы деректі фильмдер қорын дайындайды.