Православтар Рождествоны тойлауда

Рождество Григориан күнтізбесі бойынша жасалатын мейрам
Рождество Григориан күнтізбесі бойынша жасалатын мейрам

Шымкенттің православтық шіркеулерінде рождестволық мереке басталды. Екі күн бойы тойланатын мерекеде христиан дінінің өкілдері Құдайға құлшылық етеді. Бүгін түнде олар дастархан жайып, мерекені атап өтеді. Еске салған жөн, шымкенттік православ дінінің өкілдері рождествоны Григориан күнтізбесі бойынша қарсы алады.

Христиан дініндегі православтардың айтуынша, соңғы жылдары Рождество мейрамы отбасылық дәстүрлі мерекеге айналып келеді. Еске салайық, православтар отбасындағы мерекелік отырыс аспандағы рождестволық жұлдыз пайда бола бастағаннан соң басталады.

Рождество бұл бүкіл православ сеніміндегі христиандардың 6 қаңтар күні түннен бастап 7 қаңтарға дейін күтетін ерекше мейрамы. Рождестводан соң 14 қаңтарға дейін «әулиелі күндер» басталады. Ол күндері христиандар мерекені тойлап, сәуегейлерге барып, бал аштырады.