Оңтүстік Қазақстан облысының 630 сотталушысының құжаттары рақымшылықтан үміттілердің құжатын қарайтын арнайы комиссияға жолданған болатын.
Рақымшылықтың жаңа заңына сай өңіріміздің 109 сотталушысы да үмітті. Олардың 81-і әйелдер. Барлығының бала-шағасы бар. Сондай-ақ бұл қайырымды істің бір ұшы алимент төлеуден жалтарып, бостандығынан айрылған 26 азаматқа тиеді екен.
Сонымен бірге, «алаяқтық» ісімен сотталған екі азаматтың жазасын өтеу жылдары 3-7 жыл аралығында қысқартпақ. Қалған 536-сы жеңіл және орташа қылмыс бойынша сотталғандарға бұйырып отыр.