Шымкентте үгіт кампанияларының жұмысы қыза бастады. Депутаттыққа үміткерлердің үгіт жұмыстарын тәуелсіз бақылаушылар мен орталық сайлау комиссиясы сонымен қатар қарсылас кандидаттардың сенімді өкілдері қадағалауда.
Айта кету керек алдағы сайлауға бақылаушы қызметіне бірнеше жастар тартылыпты. Қыз жігіттердің біразы саяси науқанға тұңғыш рет қатысып таңдау жасамақ. Ерікті волонтерларды Республикалық тәуелсіз бақылаушы жүйесі іріктеп алыпты. Аталған жүйе өткен жылдың желтоқсан айында қызметін бастап, сайлауға дейінгі барлық іс-шараны қадағалауына алған. Әзірге үгіт кампанияларында біршама келеңсіздіктер орын алған. Бірақ айтарлықтай заң бұзушылық әрекеттер тіркелмепті.
Орталық сайлау комиссиясының лидері Берік Торғауытов сайлауалды үгіт шараларының қарқын алғанын айтады. Бәсекеге бір орынға үш адамның таласуы ықпал.
Қазір әр өңірде сенімді аумақтық сайлау комиссиясы қызу жұмысқа кіріскен. Олар 15 қаңтарға дейін заң бұзушылық әрекетке қатысты хаттамалар мен өтініш-тілектерді қабылдайды. Сондықтан әрбір азамат сайлау алды үгіт шараларында қандайда келеңсіздік байқаса жергілікті комиссияға жүгінуіне жол ашық. Егер үміткер дауысты азық-түлікке айырбасуға ниеттенсе ол бәсекелі жарыстан мүлдем шығып қалуы мүмкін.