Салық төлемегендердің қатарын қалталы азаматтар бастап тұр

268
салық төлемегендер

Әл Фараби ауданы бойынша 57 мың 384 мүлік нысаны38 жарым мың мүлік тіркелген.  Мүлік салығы бойынша аудан жоспарды 1 млн. астамға асыра орындады. Нақты қазынаға 54 млн. 369 мың түсті. Алайда екі қабатты замануи үлгідегі үйлері үшін мүлік салығы бойынша есеп айырыспағандар жетерлік.

Алтынбек МЫРЗАБЕКОВ, Әл Фараби ауданы бойынша салық басқармасының бас маманы: » Мүлік, көлік  салықтарының мөлшері 10 мың теңгеден асқан салық  төлеушілердің  саны аудан бойынша 40-50 адам. Олардың  арасында тек Шымкентке ғана емес, облысқа танымал азаматтар да бар.  Былтыр қараша айында «Отырар» телеарнасының  эфирінде  міндетті салықтардан  жалтарған  «Наурыз» шағынауданының  тұрғыны   жайлы материалдан кейін кәсіпкер барлық төлемдерді өтеді. Біз Салық Кодексінің 627 бабына сәйкес салық төлемдерін сот арқылы мәжбүрлеп өтеудеміз.»

Бай-қуатты адамдар міндетті салықтарды телеарна, сайттарға, газет беттеріне шыққанда ғана төлейді. Оған дейін қаперіне де алмайды. Сондықтан да салықшылар әлі де мүлік және жер, көлік салығын төлемегендерді осындай қолайсыз жағдайға тап болмас үшін мерзімінде барлық төлемдерді өтеуге шақырады.