Оңтүстікқазақстандықтар көктемгі жұмыстарға дайындығын бастап та кетті және сатып алу үшін жаңа техникаларды іздестіруде. Біздің ауылдықтар үшін мұндай мүмкіндіктерді Қытай, Туркия және Израйльдық ірі машина жасайтын компаниялары жасап отыр. Таңдауға ауылшаруашылық техникаларының 2000-ға жуық түрі ұсынылды.
Раис Караибрагимов, облыстық фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қорының төрағасы: «Тіпті көзге көріне бермейтін ұсақ-түйек техникалар мен ауылшаруашылыққа қажетті көліктерге таңдау көп. Егер фермерлер қызығушылық танытып, бізбен біріге отырып, сатып алуға ниет білдірсе, біз несие тұрғысынан көмек көрсетеміз».
Түлкібас ауданының кәсіпкері Жомарт Төлендиев 5 жылдан бері облыстық фермерлерге қолдау көрсету қорымен бірлесе жұмыс жасайды. Ол қор көмек көрсетсе, техниканы қолжетімді бағада сатып алуға болатынына сенімді.
Жомарт Толендиев — «Қанат» шаруақожалығының төрағасы: «Маған ұсақ техникалар ұнады. Әсіресе көгалшапқыш. Ол өте ықшамды әрі өте ыңғайлы және солярканы үнемдейсің. Ақша жинап, осындай техника сатып алмақпын».
Фермерлерге қолдау көрсету қорының бұл жобасы шаруа қожалықтарына техниканы жеңілдетілген 15 пайыздық несие арқылы сатып алуға мүмкіндік беруге бағытталған. Ол үшін ең керегі-мемлекет тарапынан қаржылық қолдау табу