Қазір бұл жанармай құятын стансада болған өрттің себебі мен келтірілген зиян анықталып жатыр.
Шымкент қаласының «Бибо» жанармай құятын стансасында өрт болды.
Оқиға орнына өртке қарсы қызметтің 83 қызметкері, 7 негізгі техника бірлігі, 2 арнайы және 1 жәрдемші техникасы шықты. «Келген кезде жалпы аумағы 160 шаршы метрді алған «Бибо» көлікке жанармай құю орнында мұнай өнімдерін тасымалдайтын «КамАЗ» және «ЗИЛ» маркалы екі көлікті жалын шарпи бастаған», — дейді ТЖД баспасөз хатшысы.
Өрт салдарынан «Бибо» ЖШС-нің иелігіндегі «ЗИЛ-130» маркалы көлік толық жанып кетті, жеке тұлғаның «КамАЗ» көлігі жарым-жартылай зақымдалды, сондай-ақ май құятын колонкалар қаптауларының пластмассалық бөлшектері балқып кетті. Оттың мұнай өнімдерінің сұйық қоймаларына тарауына жол берілмепті.
21-қаңтар күні орын алған өрт 20 минуттан кейін ауыздықталып, 29 минуттан кейін толық өшірілді. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖБ-ның құтқару жасағы мен тергеу қызметкерлері, электр желілері, газ, полиция, жедел медициналық қызметкерлер келді. Қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі мен одан келтірілген зиян анықталу үстінде.