Шымкенттік тұрғынның зейнетақысын жылудың ақысын төлемегені үшін бермей қойған. Ал жылу құбырлары осыдан 5 жыл бұрын, яғни 2006 жылы-ақ кесіп тасталынған екен.
Романовтардың басына қара бұлт үйіріліі. Құжаттар бойынша, зейнеткерлердің жылуға қарызы болмауы қажет. Бірақ, Владимир Романов бұл жағдайға қалай жеткенін түсінбей дал. Оның жұбайына тиесілі пәтердегі жылу жүйесі 2006 жылы ақ кесіліп тасталған екен.
«Темір ұсталар келіп, құбырларды кесіп, акт толтырып кетті. Біз жылу құбырларының тіреушесі үшін ақысын төледік. Біздің қолымызға, тіпті қарызымыздың жоқтығын дәлелдейтін анықтама қағазын да ұстатты,- дейді қарыздың қайдан пайда болғанын түсінбей дал болған Владимир Ильич.
Оқиға 2006 жылы басталған. Зейнеткерлер жылу орталығына барып, жылуды қайта қосуларын өтінген. Бірақ, 2006 жылдан бері оларға ешкім келмеген. Жылу берушілермен келіссөз тек бір тарапта жасалған. Барлық арыз тіркелгенімен, тексерушілер әлі күнге дейін зейнеткерлерге келмегенде. Есесіне, тұтылмаған жылудың ақысы күннен күнге артып отырған.
Владимир Романов, зейнеткер: «Біз жаздыгүні сырттай менің жұбайымнан 53385 теңгені құрайтын қарыз бен 1702 теңге шамасындағы сот шығындарын өндіріп алу туралы соттың үкімі шыққанын да зейнетақы аларда ында келіп білдік. Біз қайта шағымданып, аппеляция бермек болдық. Алайда олар уақыттың өтіп кеткенін айтты».
Сот отырысы барысында олар бірден ЖӘО ның абономенті болып шыққан. Бірақ мұны зейнеткерлер білмеген. Егер зейнетақы алуда қиындық тумағанда олар бұл жағдайдан бейхабар еді. тілшілер хзабарласқанда ғана жылу берушілер қариялардың жағдайын білуге ұмтылған.