Облыстық сотта шымкенттік тұрғынның қалалық әкімдікке аппеляциялық шағымы жөніндегі кезекті сот отырысы болып өтті. Бірақ, сот шешімі тағы да кейінге шегірілді.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында әл-Фараби аудандық соты талапкердің пайдасына шешім шығарып, ол бойынша Шымкент қалалық әкімдігі шымкенттік тұрғын Нығматулла Рахматуллаевқа 750 мың теңге төлеуі шарт болатын. Себебі, әкімдік тарапы Жаңашек каналын салу кезінде талапкер азаматтың ауласын айтарлықтай залалдаған болатын. Алайда, қалалық әкімдік сот шешімін осы күнге дейін орындамады.

Дегенмен, талапкер Нығматулла Рахматуллаев соттың шешімі бойынша шыққан соманың көлеміне разы емес. Айтуынша, талап етіліп отырған теңге негізгі шығыннан екі есе төмен. Мәселен, шаруашылық құрылысы мен ауланы қайта салу үшін бір жарым миллиондай теңге керек.

Сот жауапкердің қосымша сараптама тағайындау туралы ұсынысын қанағаттандырды. Арызданушы сот шешіміне көңілі толмайтындығын білдірді.