Үй кітапшаларындағы мәліметтер азаматтардың жеке куәліктеріндегі деректермен сәйкес келуі тиіс. Халыққа қызмет көрсету орталықтары және аудан әкімдіктерінің жанынан ашылған бекеттерде тұрғындардан төлқұжат пен жеке куәліктерінің түпнұсқасынан мәліметтер базаға енгізілді.
Бастауын 15-желтоқсаннан алған іс -шара қаңтардың 15-не аяқталуы тиіс болатын. Алайда өңіріміздің сала мамандары бұл жұмысты ерте бітірді. 22 бекетте жұмыс жүргізіліп, 1 млн. 200 адам тіркеуге алынды.