«Своидың» тұсаукесері өтті

Олжас Бекбауов

Шымкентте тағы бір отандық фильм көрерменге ұсынылды. «Хметод», «Жайдарман», «Шымкент Пикчерc» студиялара түсірген «Свои» фильмінің премеьерасына жиналғандар көп болды. 50 мың АҚШ доллорына түсірілген дүние алғашында орыс тілінде түсіріліп, қазақ тіліне аударылыпты. Бұл режиссердің жаңа туындыны спутниктік арналарға ұсынсам деген ойынан туындапты.

Идея авторы — басты рөльді сомдаушы Олжас Бекбауов. Дұрыс жолдан адасып, қара ниетті жандармен шатасқан Олжас ана мен әкеден, ағайын, туыс-бауырдан ажырап қалады. Соңында одан теріс айналмаған әке-шешесінің көмегімен отбасына қайта оралады. Бұған дейін 25 теңге фильмінде актерлік тәжірибе жинап үлгерген кейіпкер осылайша жағымсыз образды ойнауды.

Олжас Бекбауов, басты кейіпкер: «Мен түрлі образдарда ойнадым, комедиялық жанрда да түстім. Сондықтан жағымсыз кейіпкерді сомдап көргім келді. Әрине оңай болған жоқ. 

Жаңа туындыға кәсіби емес әртістермен бірге, театр әртістері де шақырылыпты. Облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының директоры Марат Оразымбетов Олжастың әкесін сомдаған. Оның ойынша, фильмнің атауы да дәл қойылған. Өйткені жамандық та, жақсылық та және оларды дұрыс жолға салып, тура жолды сілтейтін де — өзіміз, жақындарымыз. Театр сахнасының хас шебері кино түсіру алаңында ойнаудың мүлдем басқа екендігін айтады.

Марат Оразымбетов,театр әртісі:

Театр сахнасында барлық жағдайды шынайы шығаруға тырысып, көрерменнің сеніміне кіруің керек. Ал кинода бірнеше рет қайталау түсірілімінен өтіп, образға кіруге тырысасың. Алайда ондай жағдайды ешкімнің басына бермесін. Рөльді ойнай отырып, әкенің қай кезде де керек екенін терең түсіне түсесің. Жастардың алары да көп. 

Белгілі актер Ғани Құлжанов та премьераға Астанадан арнайы келіпті. Отандық фильмдерді қолдау мақсатында әртіс өз рөлін тегін сомдаған. Өнер иесінің ойынша кемшіліксіз дүние болмайды, алайда ұтымды шыққан сәттер де жоқ емес дейді ол.

Ғани Құлжанов, актер: «Менен фильмге түсуімді өтінді. Содан көмегімізді көрсетейік дедім. Кемшіліксіз дүние болмайды. Бірақ оны қайталамасақ болғаны. Десек те режиссер бұл филмде өз қолтаңбасын қалдыра алған. Әрі басты рөльді сомдаған жігіттің ойы табиға шыққан.Фильм ұнады.

«Свои» қазақ және орыс тілінде түсірілген. Осыған дейін бірнеше фильм түсіріп үлгерген жас режиссер Шапағат Орынбаев жаңа дүниесенің де көрермен көңілінен жол табады деген үмітте.

Шапағат Орынбаев, режиссер: «1 ай бойы фильмді түсірдік. 1 айға жуық монтаждадық.  Түсірілім Шымкент қаламыз бен Машат ауылында болды. Ұжымда 50 -ге жуық адам жұмыс жасадық. «Свои» фильмі халықтың көңілінен шығатынына сенімдіміз және жұмсаған қаржыны ақтайды деп сенеміз. Бізді қолдаған, демеушілік жасаған азаматтар мен студия болды».