Жылда тарпау мінез танытантын Сырдың суы биыл тағы да жұртты селт еткізді. Дарияның Маяқұм маңындағы арнасы кемерінен асып, ауылға апатты жағдай орнатты. Елді-мекен іргесіндегі егісті алқап та тегіс су астында қалды. Қазір ауыл ахуалы бірқалыпты. Аудан орталығына қатынауға мүмкіндік бар. Бірақ Түркістанға жеткізетін тас жол селдің құрбаны болыпты.
Қазір арнадан секундына 600 текше метр ағыс босатылуда. Қырсық құшқан дарияның деңгейін бірқалыпты ұстап тұру үшін мамандар артық суды «Көксарайға» айдап жатыр. Төтенжа жағдай қызметкерлерінің айтуынша арнадағы мұз 7-8 шақырымға созылыпты.
Үрей билеген аумаққа бас аяғы 20 техника жұмылдырылған. Олар апатты ауыздықтаудың амалын барынша жасап жатыр.
Жағдайдың жай жапсарын жіті бақылау үшін мамандар ертең тікұшақпен көтеріліп дарияның бойын барлап қайтпақ.