Түркістан қаласындағы үйлердің бірінен 1970 жылы туған азаматтың зорлық-зомбылық белгілері бар мәйті табылды.
Оқиға орнына келген Түркістан ҚІІБ-ның қызметкерлері мәйіттің мойын аймағында көлденең кесілген жарақаттарын және ішінің тұсынан шаншылып кесілген жарақаттарын көреді. Жалпы мәйттің денесінен 13 рет кесілген зақым іздері анықталады.
Жергілікті полицеилер адам өлтіру фактсін ашу мақсатында жедел іс-шара жүргізеді. Нәтижесінде осы қылмысқа күдікті деген Түркістан қаласының 57 жастағы тұрғынын анықтап ұстайды.
Адам өлтіру жәйті бойынша ҚР ҚК-нің 179-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.